Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қараңғыда үйдің қақпасына соғылған мопедші оқиға орнында көз жұмды

Алматыда қатты жылдамдықпен жер үйдің қақпасына соғылған мопед жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кетті. Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Медеу ауданы Тәтібеков көшесінің тұрғындарының айтуынша, көше тиісінше жарықтандырылмағандықтан қайғылы жағдай болып отыр. 

“Бейімбетов көшесінен төмен орналасқан Тәтібеков көшесіндегі жарық нашар болғандықтан мопед жүргізушісі тұйық жолды көрмей, әрекет етіп үлгермеді. Олар қақпаға соғылған. Біреуі қайтыс болды, екіншісі жансақтау бөлімінде жатыр. Осы мәселе бойынша көше тұрғындары "Open Almaty" арқылы бірнеше рет жүгініп, Медеу ауданы әкімінің қатысуымен өткен жиынға да қатысты. Бұл мектепке апаратын жол. Балалар қараңғыда мектепке барып, қайтады. Мопед жүргізушісіне обал болды”, – делінген жазбада.



Алматы полициясы мопед жүргізушісінің көз жұмғанын, ал досының ауруханада жатқанын растады.

“Аталған факті бойынша Медеу аудандық ішкі істер бөліміне қарасты полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – деп жауап берді полиция.

Бұған дейін Алматы облысында мопед айдаған 21 жастағы жігіт жол апатынан қаза тапқан еді. 

 

Талқылау