Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сингапурлық компания Алматыда балаларға арналған ғылыми мұражай салады

Алматыда шамамен 34 миллион АҚШ доллар яғни 16,5 миллиард теңгеге балаларға арналған ғылыми мұражай салынбақ. Оны Сингапур компаниясы салады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Яндекс карта

Қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген сауда орталығының орнында балаларға арналған мұражай болады. Ол Алматыда өртеніп кеткен әкімдіктің жанында орналасқан екен.

Оны халықаралық Kingsmen компаниясы салады.

“Біздің экспонаттар тобына Алматыдағы балалар ғылыми мұражайы үшін шамамен 34 миллион АҚШ доллар құрылыс келісімшарты берілді. Мұражай оқу, зерттеу және шығармашылық орталығы болады. Балаларға интерактивті экспонаттар мен тартымды тәжірибелер арқылы ғылым, технология, инженерия және математиканың ғажайыптарын ашуға мүмкіндік береді”, – деп мәлімдеді Kingsmen Exhibits тобының басқарушы директоры Энтони Чонг.

Алматы қалалық қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы балалар ғылыми мұражайын ашу жоспары туралы айтты.

"Қазіргі уақытта "Алмалы" сауда орталығының базасында балаларға арналған ғылыми мұражай құру тұжырымдамасы әзірленіп жатыр", – делінген хабарламада.

Талқылау