Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үйден де жайлы орта": Home Credit Bank Алматыдағы жаңа бас кеңсеге көшті

Home Credit Bank Алматыдағы бас кеңсесін ауыстырды. Компания қызметкерлеріне жайлы әрі ыңғайлы болатын жаңа ғимаратқа көшті. Stan.kz агенттігі Home Credit Bank-тың бас кеңсесінің ашылу салтанатына қатысып, жаңа жұмыс орнының ішін көріп қайтты.

Фото: Home Credit Bank

"Қызметкерлерімізге жайлы орын құрғымыз келді"

Home Credit Bank-тың Алматыдағы жаңа бас кеңсесі – 8 қабаттан тұратын үлкен әрі жаңа ғимарат. Ол Алматының жоғары жағында, яғни Зейін Шашкин көшесінде орналасқан. Home Credit Bank-тың басқарма төрағасы Кирил Бачваровтың айтуынша, олар қызметкерлеріне "үйінен де жақсы мекен болатын" орын құру үшін жаңа кеңсеге көшкен.

"Екі жыл бұрын жаңа ғимаратқа көшуді шештік. Оған бірнеше себебіміз бар. Біріншіден, қызметкерлерімізге қолайлы әрі жайлы жұмыс орнын құрғымыз келді. Қызметкерлеріміздің жұмыста шаршап, үйге қайтқысы келіп отырғанын емес, керісінше, өзін жайлы сезінгенін қаладық. Екіншіден, біздің тұтынушыларымыз бақытты болуы үшін біздің қызметкерлеріміз де бақытты болуы керек екенін жақсы түсінеміз. Үшіншіден, қазіргі жастар өмір сапасына аса мән береді. Олар тек жалақыға емес, жұмыс ортасының қолайлы болғанына қарайды. Біз осының бәрін ескеріп, жаңа ғимаратты жалдадық", – дейді банк төрағасы.

Фото: Home Credit Bank

Кирил Бачваровтың айтуынша, олар ғимаратты толық жөндеп шыққан. Кеңсенің дизайнын, инфраструктурасын жасамай тұрып, қызметкерлерінің қалауын, ойын ескерген. Home Credit Bank қызметкерлері өзінің жаңа жұмыс орнын HCB Hub деп атапты. Бұл кеңсенің бұрынғыдан ерекшелігі – жеке-жеке кабинеттердің жоқ екенінде. Яғни қызметкерлер де, топ менеджерлер де, басшылар да тең дәрежеде, бірдей ашық алаңда отырады.

"Топ менеджерлердің де, менің де жеке кабинетім жоқ. Бәріміз бірге отырамыз. Ешкім ешкімнен жоғары не төмен емес. Осылай, біз барлық қызметкерлеріміздің етене араласып, коммуникациясы жақсарғанын қаладық. Шынымен-ақ, осы кеңсеге көшкелі қызметкерлер бұрынғыға қарағанда бір-бірімен амандасып, сөйлесіп, бірге асханада ас ішетін болды. Мен де бұған дейін көрмеген қызметкерлерімді жақынырақ тани түстім", – дейді Кирил Бачваров.

CEO кабинеті. Фото: Home Credit Bank

"Кеңесу бөлмелерінің көп болғаны ұнады"

Екатерина Князь Home Credit Bank қызметкерлерінің арасындағы коммуникация мен мәдениетті дамытумен айналысады. Оның бұл компанияда жұмыс істеп жатқанына небәрі бір ай болған. Дегенмен компанияның бұрынғы офисінде де істеп үлгерген. Екатерина жаңа жұмыс орны көңілінен шыққанын айтады. Оның сөзінше, жаңа кеңсе өте ыңғайлы әрі жарық. 

“Маған кеңсенің ішіндегі дизайн, жиһаздар қатты ұнады. Бәрі өте сапалы етіп жасалғаны бірден байқалады. Мұндай жерде шабыт алып, жұмыс істей бергің келеді. Кеңсе терезесінен әдемі көрініске куә боласың. Оған қоса кеңесуге арналған бөлмелерді көп етіп салғаны ұнады. Себебі бұрынғы офисте бес қана кеңесу бөлмесі бар еді. Кейде ол жер босамай қалатын. Тіпті, өз арамызда алдын-ала брондап қоюға тура келетін. Ал қазір емін-еркін кез келгенін кез келген уақытта пайдалана аламыз. Себебі жаңа ғимаратымызда 40-тан астам кеңесу бөлмесі бар. Бір сөзбен айтқанда, VIP кеңсе дер едім. Әдетте VIP, премиум кеңсенің іші тым классика, суық болып көрінеді ғой. Ал мұнда ерекше дизайнның арқасында жылы атмосфера сезіледі”, – дейді Екатерина.

Фото: Home Credit Bank

"8 демалыс орны бар"

Home Credit Bank-тың әкімшілік қамтамасыз ету және сатып алулар департаментінің директоры Борис Майстренконың айтуынша, компания бас кеңсенің дизайнын әлемдік трендтерге сай етіп, минимализм стилінде жасауды жөн көріпті. Оған қоса қызметкерлерге жұмыста қажет болатын жаңа техникаларды сатып алған, интернет байланысын жақсартқан.

Борис Майстренконың сөзінше, компания қызметкерлерінің тек жұмыс істеп қоймай, бір сәт тынығып алуына болатын орын да жасаған. Сол себепті 8 қабаттың әр қабатына демалыс орнын жасаған. Оның бірінде Playstation, енді бірінші үстел теннисін ойнауға болады. Тағы бір қабатта кітапхана бар. Қызметкерлер шаршаған кезінде сонда барып, біраз уақыт демала алады. Бористің айтуынша, бұл қызметкерлердің жұмысын сүйіп әрі тиімді істеуіне септігін тигізеді.

"Біз қызметкерлеріміздің арасында сауалнама жүргіздік. Нәтижесінде олардың көбі спортпен айналысатынын байқадық. Сол себепті жаңа кеңсеміздің орналасқан жеріне де мән бердік. Мәселен, қазіргі офисіміздің жанында Есентай өзені, саябақ бар. Қызметкерлер жұмысқа дейін, түскі уақытта, жұмыстан соң сонда барып, серуендеп қайта алады. Оған қоса 8-қабаттан Алматының әсем тауына қарап, тыныға алады. Болашақта ол жерге шағын спорттық алаң жасауды жоспарлап отырмыз", – дейді Борис Майстренко.

Фото: Home Credit Bank

"Компаниямыз экологияны қолдайды"

Home Credit Bank басшылығы мен қызметкерлері қоршаған ортаға аса мән береді. Сол себепті бұл ғимараттың ішін жөндегенде олар барынша экологияға зияны аз материалдарды қолданыпты. Оған қоса әр қабатқа қалдық сұрыптауға мүмкіндік беретін қораптарды қойған екен. Сонымен қатар әр қабатты ерекшелеп, безендірген. Мәселен, бір қабатта жасыл ағаштар, енді бірінде гүлдер көп. Тіпті кеңесуге арналған бөлмелерін де "Тау", "Тас", "Шатқал" және тағы басқа табиғат құбылыстарының атауымен атаған.

Айта кетері, Home Credit Bank-тың Алматыдағы жаңа бас кеңсесінде 1000-нан астам қызметкер істейді. Оған қоса қарашадан бастап оның бірінші қабатында банк бөлімшесі ашылады.

Талқылау