Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда фотосессия кезінде 9-сынып оқушысы өзенге құлап кеткен

Фото: Pixabay.com

Проходное шатқалы аймағында 9-сынып оқушысы фотосессия кезінде тау өзеніне құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 22 мамыр сағат 15:35-те болған. 18 оқушы және олардың сынып жетекшісі Проходная өзенінің маңында фотоға түсуге барған. Сол кезде оқушылардың бірі тайып кетіп, суға батып кеткен.

"Алматы қалалық құтқару қызметінің құтқарушылары жедел іздестіруге шықты. Қазірдің өзінде сағат 15:56-да бөгеттің алдында шамамен 500 метр жерде қыз судан шығарылды", – деп хабарлады құтқару қызметі.




Оқушы қыз есін жиған. Құтқарушылар оған оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Еске салсақ, Жетісу облысында Көксу өзенінен трос арқылы өтпек болған ер адам суға құлап, жоғалып кеткені туралы хабарлаған едік. Кейін ТЖД қызметкерлері ер адамның мәйітін тапты. 

Қырмызы Скендирова
Жұма, 23 Мамыр, 2025 08:25
Талқылау