Алматыда ер адам өз әйелін көлікпен қағып кетті
Алматыда ер адам бұрынғы әйелін көлігімен қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматының Жетісу ауданының тұрғындары жедел жәрдем бригадасы мен полиция жасағын шақырды.
Қалалық полицияның хабарлауынша, жас әйелдің өзі бұрынғы күйеуіне келгені анықталды.
"Әйел бұрынғы күйеуінен көлікті тұраққа дейін айдап баруды өтінді. Жас жігіт рульге отырған кезде, әйел қозғалып бара жатқан көлікке отырмақ болған. Ер адам мас күйінде болған және оның жүргізуші куәлігі жоқ ", – деп хабарлады департаменттен.
Полиция істі тіркеді. Оқиғаның мән-жайы іс жүргізу нәтижелері бойынша анықталады.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады
Адвокат мән-жайды айтып берді
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"