Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда экскаватор 16 жастағы мопед жолаушысын басып өлтірді

Алматыда экскаватор мопедте отырған 16 жастағы жасөспірімді қағып өлтірді. Қайғылы жағдайды Алматының полиция департаменті растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жасанды интеллект

Жантүршігерлік жол апаты 24 қазан күні сағат 08:10-да Алатау ауданында болған. 

“Алғабас ықшамауданындағы Доспанова көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан 15 жастағы мопед айдаған жасөспірім қатар келе жатқан “Chevrolet” көлігімен соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан мопед аударылып қалды. Ал оның жол жиегіне құлаған 16 жастағы жолаушысын экскаватор басып кетті”, – деп мәлімдеді полиция. 

Жасөспірім жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкеп соққан жол апатына қатысты сотқа дейінге тергеу басталды. 



Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 743 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 14 адам қаза тапты.

Бұған дейін Қазақстанда жүргізушілерге мопедін тіркеу үшін қандай құжаттар керегі айтылған еді.

Талқылау