Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда екі дос жезөкшелерді ұрып-соғып, тонап кеткен

Алматыда екі ер адам жезөкшелерді қрып-соғып, тонап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 33 жастағы достар бұрын да қарақшылық пен тонау үшін сотталған. Олар клиенттер ретінде үйде қабылдайтын қыздардың жарнамаларына телефон соғып, барып, сол жерде тонап кеткен.

"Күдіктілер қыздарды ұрып-соғып, қорқытып, ақша, телефон, зергерлік бұйымдарды алып кеткен. Мүмкін, қаскөйлер қыздар полицияға арыз жазудан қорқады деп ойлаған шығар. Жедел қызметкерлер бірнеше күннің ішінде күдіктілерді анықтап, оларды ұстады", – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Бұдан бөлек, екі ер адам – синтетикалық есірткінің тұрақты қолданушылары екені анықталды.

"Қазіргі уақытта күдіктілерде қала ішінде жасалған бес қылмыстық эпизод бар. Ұсталғандардың екеуі де УҰИ-на орналастырылды.

Жәбірленушілер көбірек болуы мүмкін, сондықтан осы адамдардың қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды келесі телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз: 254-47-01; 254-47-02 және 254-47-03", – деді  Думан Аухадиев.

Талқылау