Алматыда бүлік кезінде дүкен тонаған жігіт өз телефонын ұмытып кеткен
Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде дүкен тонаған жігіт ұялы телефонын сол жерде ұмытып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кадрлардан жас жігіттің бутиктердің бірін тонап жатқанын байқауға болады. Бір қызығы, бетін жаппаған жігіт айнаға қарап, шашын тарап емін-еркін жүр. Керек заттарын алып шыққан ол қылмыс орнында телефонын қалдырып кеткен. Күдіктінің аты-жөні әзірге белгісіз.
Видеодан күдіктінің үй шаруашылығына қажет тұрмыстық заттар, шұлық ұрлағанын анық көруге болады.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі