Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда аудан әкімдері брусчатка мен гранит плиталарын негізсіз ауыстырғаны үшін сөгіспен шектелді

брусчатка, гранит тасФото: Видеодан скрин

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Әуезов және Медеу аудандарының әкімдеріне қатаң сөгіс жариялады. Ал Бостандық ауданы әкімінің орынбасары мердігерлерді тиісті деңгейде қадағаламағаны үшін қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бостандық ауданында әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінде гранит плиталарын орынсыз ауыстыру фактілері анықталды. Сондай-ақ мердігерлер Үлкен Алматы өзенінің жағалауында абаттандыру жұмыстарын жүргізу кезінде заң бұзушылықтарға жол берген.

"Әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесіндегі гранит плиталарын негізсіз ауыстыруға бақылау жасалмағаны үшін Бостандық ауданы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен абаттандыруға жауапты орынбасары қызметінен босатылды", – деді Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Ильзат Акчурин.


Алматыдағы жағалаудан гранит тақталарды ұрлағандарға қылмыстық іс қозғалды


Алматыда бір апта бұрын төселген асфальт опырылып, автобустар жүре алмай қалды (видео)


Алматыда жолдағы бүтін брусчаткаларды сындырып жатқан жұмысшылардың видеосы тарады


Медеу ауданында Уәлиханов көшесіндегі брусчаткаға қатысты жағдай жұртты әбігерге салды. Мердігер плиткаларды қала сыртындағы жеке үйге апарған, ал жергілікті билік шара қолданбаған. Бұл үшін аудан әкіміне "қатаң сөгіс" берілді. 

Алматы әкімдігінің мәліметінше, аудан әкімі Еркебұлан Оразалин мәселе туындағанда әрекетсіз қалған. Сондықтан қылмыстық іс қозғалды.

"Дархан Сатыбалды заң бұзушылықтарды тез арада жоюды, ал қала құрылысын бақылау басқармасына мердігерлер мен техникалық қадағалау бөлімдерінің қызметін қайта тексеруді тапсырды", – деді Акчурин.

Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиевке мердігерді нашар қадағалағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Сөгіс жариялауға Аманжол көшесінде асфальт опырылып, 13 көлік зақымданып, Ясауиде де жолдың опырылуы себеп болды. 

Еске салсақ, бұған дейін блогер Үлкен Алматы өзені жағалауындағы гранит тақталардыңұрланып жатқан сәтін видеоға түсіріп алғаны туралы хабарлаған едік.

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 19 Қыркүйек, 2025 17:53
Талқылау