Алматыда "Би-2" тобының концерті өтпейтін болды
Алматыда ресейлік "Би-2" тобының музыканттары өздерінің концерті өтпейтінін жария етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/b2band
“Біз Қазақстанда тамыз айының соңында өтетін FAMILY ROCK FEST-те өнер көрсете алмайтынымызды өкінішпен хабарлаймыз. Ұйымдастырушыларға барлық күш-жігері үшін алғыс айтамыз. Болашақта осы тамаша фестивальде өнер көрсетуді асыға күтеміз”, – деп жазды “Би-2” тобы.
Алайда музыкалық топ өнер фестиваліне қатыспауларының нақты себебін атамады.
Еске салайық, бұған дейін Румыниялық әнші Inna Қазақстанның ірі қалаларында өтетін концерттерін наурыздың алғашқы күндерінен сәуірдің соңына ауыстырғанын жазған едік. Мұндай шешімге Алматыда болған жер сілкінісі себеп болған.
Қазақстанда жақынынан айырылған қызметкерлер бір реттік төлем ала алады
Мектеп қызметкерлеріне 86 мың теңгеден астам көмек қарастырылған
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"