Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда кезекке таласқан әйел 13 жастағы қызды соққыға жықты

Алматыда әйел 13 жастағы қызды соққыға жықтыФото: Ru.freepik.com

Алматылық блогер Threads желісінде мұз айдынында бейтаныс әйелдің 13 жастағы қыз баланы соққыға жыққанын жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға Almaty Arena маңындағы мұз айдынында болған. Блогер кезек күтіп тұрғанда болған жағдайды видеоға түсіріп алған. Бірден 102-ге қоңырау шалып, әйелді алып кеткенін айтты.

“Бірақ білесіз бе, ең өкініштісі не? Зардап шеккен қыз ата-анасына айтпауымды өтінді. Себебі олар өздеріне ұрысып, жазалай ма деп қорқады. Бұл қалай болғаны? Менің көз алдымда әлгі әйел кезекке баса-көктеп кірді. Сөйтіп кезекте тұрған қыздың кофесін үстіне төгіп алды. Әйел қыздың бетінен ұрып жіберді кейін жерге жығып, тепкілей бастады. Күйеуі әрең ажыратып алды. Ол әйелді Құдайға тапсырдық дейік, бірақ қыз бала өз құқығы барын, қорғауға құқылы екенін білмей ме”, – деп жазды блогер.



Оқиғаға Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдірді.

“Күдікті мән-жайды анықтау үшін аумақтық полиция басқармасына жеткізілді. Оған заңнамаға сәйкес шаралар қолданылды”, – деп хабарлады полиция департаменті.

Бұған дейін Алматыдағы колледжде жасөспірім қызды қатарластары соққыға жыққаны туралы жазған едік. 

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 20 Қаңтар, 2026 09:09