Алматыда автотұрақ ақысы қымбаттайды
Биыл қыркүйек айында Алматыда автотұрақ бағасын көтеру жоспарланған. Бұл туралы мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қала әкімі Ерболат Досаев айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Биыл автотұрақ орындарын анықтаймыз, аумаққа байланысты тұрақ ақысын көтереміз. Бұл жұмыстарды 1 шілдеге дейін істеп үлгермейміз, бірақ қыркүйектің басында дайын болуы керек", – деді Ерболат Досаев.
Әкімнің сөзінше, көлік тұрағы үшін төлем орналасқан ауданына байланысты әртүрлі болмақ.
"Мәселен, Алатау, Медеу ауданында, Құлжа тасжолына шыға берісте бір тариф болады делік, ал тарихи орталыққа жақын жерде тарифтер көтеріледі. Қаражат бюджет кірісіне жұмсалады. Автотұрақ, айыппұл мен өсімпұлдан түскен ақшаның бәрі пропорционалды түрде аудандардағы "Халық қатысатын бюджет" жобасына қосымша аударылады", – деп түсіндірді қала әкімі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі