Алматыда автобуста әйелді ұрған ер адам қамауға алынды
Алматы полициясы автобуста әйелді ұрған 66 жастағы күдіктіні ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі қоғамдық көлікте күш көрсеткен ер адамның үстінен іс қозғалғанын айтады.
Аавтобус жолаушылары арасындағы жанжал 25 қарашада болған. Әйел автобуста телефонмен қатты сөйлескеніне наразы жолаушы оны ұрып, денесіне зақым келтірген.
Бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда ер адам әйелді автобуста телефонмен сөйлескені үшін ұрып жібергені айтылды.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен