Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда автобус жүргізушісі телефонына алаңдап, қызды қағып кетті

автобус қағып кетті

Видеодан скриншот

Алматыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында қызды қағып кеткен. Автобус ішіндегі бақылау камераларында жүргізушінің көлік жүргізіп бара жатқанда телефонына алаңдағаны байқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға автобустың ішіне орнатылған бейнебақылау камераларына түсірілген. Кадрда жүргізушінің үнемі жолдан басқа жаққа қарап отырғаны көрсетілген. Ол көлік жүргізіп бара жатып, ұялы телефонына қарап отырған деп хабарланған.

Апат 9 желтоқсанда шамамен сағат 11:00-де Алмалы ауданында болған. Төле би даңғылымен жүріп келе жатқан автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 18 жастағы қызды қағып кеткен. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді.


Алматыда жолаушы көлік жүргізіп жатқан автобус жүргізушісіне шабуыл жасады


Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 адам қаза тапты: Ішінде шетелдіктер бар


"Алматы қалалық тергеу департаменті апатқа байланысты қылмыстық іс қозғады. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады полиция.

Департамент жүргізушілердің, әсіресе жолаушыларды тасымалдауға жауапты жүргізушілердің ұялы телефондарға алаңдауына болмайтынын атап өтті.

"Әрбір жүргізуші жолға толықтай назар аударуы керек. Алматы қалалық полициясы тағы да барлық қоғамдық көлік және жеке көлік жүргізушілерін мұқият болуға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жаяу жүргіншілердің өміріне қауіп төндірмеуге шақырады", – деді Алматы қалалық әкімшілік полиция департаментінің бастығы Серік Шумаев.

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 10 Желтоқсан, 2025 15:07