Алматыда автобус бозбаланы қағып өлтірді
Алматыда артпен қозғалмақшы болған автобус бозбаланы қағып мерт қылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі СТВ арнасына сілтеме жасап.

Оқиға "Қызыл еңбекші" ықшам-ауданында орын алған. Куәгерлердің сөзінше, соңғы аялдамада тұрған №10 автобус жүргізушісі артқа бермекші болған. Ол сол маңда тұрған жасөспірімді көрмей қалыпты. Автобус жас жігітті бірнеше метр сүйреп өтіп, артынша оны басып кеткен.
2003 жылғы бозбала жедел жәрдем келіп жеткенше оқиға орнында жан тапсырған. Жағдайдың мән-жайын полиция анықтау үстінде.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"