Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Науқасты жедел-жәрдеммен әкелсе, дәрігер бөлмесінде ұйықтап жатыр": Алматыдағы қалалық ауруханаға шағым түсті

Фото: depositphotos.com

Алматыда аурухана дәрігерінің жұмыс бөлмесінде ұйыптап жатқаны түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желіде тараған видеода оқиғаның Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханада болғаны айтылған. Видео авторы айтуынша, жедел жәрдеммен келген науқас дәрігерді күтіп отырса, дәрігер кабинетінде ұйыптап жатқан. 

Аурухананың баспасөз қызметі жағдайға қатысты пікір білдіріп, видеодағы әйелдің дәрігер емес, медбике екенін атап өтті. Аурухананың мәліметінше, ол уақытта кезекші дәрігерлер жан сақтау бөліміне ауыстырылып жатқан басқа науқасқа шұғыл көмек көрсетіп жатқан.

“15 қараша күні әйел жедел жәрдем арқылы №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген. Онда оған толық тексеру жүргізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді. Артериялық қысымы тұрақтандырылғаннан кейін науқас үйіне жіберілді”, – дейді қалалық аурухана өкілдері.

Аурухананың баспасөз қызметі тексеріс нәтижесінде видеодағы медбикеге тәртіптік жаза қолданылғанын атап өтті.

“Мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу мақсатында медицина қызметкерлерімен медициналық көмектің сапасы, функционалдық міндеттерді тиісті деңгейде орындау, сондай-ақ этика мен медициналық деонтология мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді”, – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында аурухана түскен 4 жасар бүлдіршіннің ата-анасы 6 сағат бойы дәрігерді оята алмай, ұлдарынан айырылып қалған еді.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 17 Қараша, 2025 18:40
Талқылау