Алматыда ауа райына байланысты рейстер кешігіп жатыр
Алматы әуежайында ауа райына байланысты рейстер кешігіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay
Қалың қар жаууына байланысты рейстер кешігуде. Алматыдан Астана, Доха, Қызылорда, Семей, Қостанай, Өскемен, Түркістан, Мәскеуге ұшатын рейстер кейінге шегерілмек.
Сондай-ақ Көкшетау, Атырау, Семей, Ақтөбе, Жезқазған, Мәскеу, Тараз, Душанбе, Дубай, Ташкент, Қызылорда, Астана, Дели, Доха, Абу-Даби қалаларынан Алматыға ұшатын рейстер кешігіп жатыр.
Кейбір рейстер тоқтатылды. Рейс күйін әуежайдың және әуекомпаниялардың ресми сайтынан тексеруге болады.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"