Алматыда "Арыстан" базарының бір бөлігін заңсыз салған: Енді сауда орындары сүріледі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда "Арыстан" ірі базарының бір бөлігі сүріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қала құрылысын бақылау департаментінің жоспардан тыс тексеруі барысында "Фирма Тигрохауд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базардың бір бөлігін рұқсат құжаттарынсыз салғаны анықталды. Оған қатысты әкімшілік шара қолданылды.
Осы фактіні негізге ала отырып, бөлім базардың заңсыз салынған аумақтарын бұзу туралы аудандық сотқа талап-арыз түсірді.
"Қазақша "рақмет" деп айтасыз": Алматы базарындағы оқушы филиппиндік блогерді таңғалдырды
Алматыда заңсыз орнатылған 500-ден астам дүңгіршек сүріледі
"Ақсай-4" ықшамауданындағы ірі базардың 2 мың шаршы метрден астам сауда алаңы сот шешімімен сүріліп жатыр", – деп мәлімдеді Алматы қала құрылысын бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Сот 2024 жылдың 1 наурызында ауданы 2 125,62 шаршы метр болатын базардың бір бөлігін бұзу туралы шешім шығарғаны көрсетілген. 2024 жылдың 19 шілдесінде Алматы қалалық соты бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды.

"Ер актерлерге әйелдерге қарағанда көбірек төлейді": Отандық кино жұлдыздарының гонорары қанша
