Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әлеуметтік осал топ өкілдеріне берілген тұрғын үйлер ыстық су мен жылусыз қалды

Алматы қаласында жылыту маусымы ерте басталғанымен, Наурызбай ауданындағы әлеуметтік осал топ өкілдері мен кезекте тұрғандарға берілген тұрғын үй кешенінің қазандыққа қосылмағаны белгілі болды. 2 мыңға жуық пәтер тұрғындары күздің қара суығында жылусыз әрі ыстық сусыз отырмыз деп наразылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин 

Тұрғындар қара суықта жылусыз қалғанына “Qazaq stroy” компаниясын кінәлайды. Айтуларынша, компания да, жергілікті әкімдік те олқылықты түзетуге асығар емес.

“1 шілдеден бастап бізге ыстық су болады” деп айтып, қазір енді қазан айы әлі жоқ. Жылудың жоқтығына 2 апта болды. Осылай тұрамыз ба? Балалар, үлкен кісілер ауырып жатыр. Тегешке су толтырып ауылдағыдай шомылып жүрміз. Балаларды да шомылдыра алмаймыз”, – дейді тұрғындардың бірі Айсұлу Жүсіпбекова.

Ешкімнен қайыр болмаған соң тұрғындар таңнан кешке дейін үйінде жылытқыш қосуға мәжбүр. Салдарынан жарыққа екі есе ақша төлейді. Кейбір тіпті екі жылытқыш қосып отыр.

Нәтижесінде “Alma City” тұрғын үй кешенінің жылу жүйесі әкімдік қарамағына өтпегені белгілі болды. Ал бұған “Qazaq stroy” компаниясы тікелей жауапты. Компанияның мәлімдеуінше, жылу мен ыстық су техникалық себептерге байланысты кешігіп жатыр. 

“Біз жобаны "Алматы жылу жүйесі" әуелгіде берген техникалық талап бойынша жасадық. Соған байланысты сызбасын жасап, салдық. Толық салып біткенде шілденің 5-і бізге "Алматы жылу жүйесі" тарапы жаңа техникалық талап берді. Соған сәйкес проект сыздық, жаңа жобаны солармен мақұлдадық. Енді сол бойынша жасап жатырмыз”, – дейді “Qazaq stroy” компаниясы энергетика бөлімі басшысының орынбасары Төлеген Жангурбаев.

Компания бұған дейін тұрғындарға жылу мен ыстық су қазанның соңында беріледі деп уәде берген. Енді келесі жұмадан кешіктірмей қосатынын айтты. Ал халық 4 ай бойы шешілмеген мәселе біп аптада шешіледі дегенге сенбейді.

Талқылау