Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда АЭС құрылысы бойынша сауалнама жүргізгені үшін төрт адамға айыппұл салынды

Алматыда 4 адам атом электр станциясының құрылысына қатысты референдумға сауалнама жүргізген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қадағалау органы сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай, атом электр станциясын салу мәселесі бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізгендерді анықтады.



"Нәтижесінде төрт құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынды", – делінген хабарламада.

Прокуратура қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу тәртібі "Республикалық референдум туралы" және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңдармен реттелетінін еске салды.

Талқылау