Алматыда Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқандарды еске алу үшін жасалған инсталляцияны бұзып тастаған
12 маусымда, жалпыұлттық аза тұту күнінде белгілі суретші Паша Кас алматылықтарды өзінің жаңа инсталляциясының жанында Абай облысындағы ірі орман өртінен қаза тапқан 14 марқұмды еске алуға шақырған. Алайда суретшінің жұмысын бірнеше сағаттан кейін бұзып тастаған. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Art of Her сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Атаусыз инсталляцияға 14 кірпіш пайдаланылған, олар өртпен күресті бейнелейтін қабырға түрінде қаланған. Әр кірпіште оттың көмегімен адамдардың сұлбасы боялған.
Суретші Паша Кас өзінің басты мақсаты – Семейді қолдайтынын білдіру және басқа адамдардың қолдау білдіруіне мүмкіндік жасау болғанын айтады.
Паша Кас өз жұмысын Алматы қаласының орталық дәріханасының жанына орнатқан. Осы уақыт ішінде қамқор жандар гүл алып келіп, шырақ жаққан. Суретшінің айтуынша, дәріхана басшылығымен де, қала басшылығымен де келісім жасалмаған.
- "Бір сөмке 21 миллион теңге": Абай облысы әкімінің қызының желідегі дәулетті өмірі дау тудырды
- "30 жылдың ішінде бүкіл орманнан айырыламыз": Еліміздегі өртке байланысты БҰҰ сарапшысы билікке кеңесін айтты
“Менің ойымша, көшедегі жұмыс, кез келген мәлімдеме сияқты, келісімді қажет етпейді. Олар кенеттен әп-сәтте туындайды және мұндай шығармалардың алдағы тағдыры қоғамның қолдауына байланысты.Қауіпсіздік тұрғысынан қарастыратын болсақ, тіпті келісілген жұмыстарды да көшеде бұзып тастауы мүмкін”, – дейді суретші.
Айта кету керек, Паша Кас инсталляцияны сақтау мәселесін дәріхананың қауіпсіздігімен талқылаған, олар оны келесі күні сағат 09:00-ге дейін қалдыруға келіскен, осы уақыт ішінде суретші басшылықпен оны басқа мерзімге ұзарту мүмкіндігін талқылай алады.
“Мен оларға хабарласу үшін телефон нөмірімді қалдырдым.
Бар болғаны 30 минут ішінде достарым маған қираған нысанның суреттерін жібере бастады, олардан: "Неге бұлай істеп жатырсыздар?" деп сұрағанда: “қайғыны бұлай жеткізуге болмайды” деп жауап берген”, – деп түсіндірді суретші.
Суретші инсталляцияны бір апта ішінде жинап, Семей қаласынан (Абай облысы) орын ұйымдастыруды жоспарлаған.
“Мұның бәрі бұл оқиғаға көлеңке түсіре алмайды, өйткені мен адамдардың осы төрт сағат ішінде нысанға қаншалықты шынайы және жанашырлықпен қарағанын көрдім”, – дейді Паша Кас.