Алматыда 30-31 қаңтарда кей жолдар жабылады
Алматыда 30 және 31 қаңтарда халықаралық форумның өтуіне байланысты көптеген жол жабылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

30-31 қаңтарда "Атакент" іскерлік ынтымақтастық орталығында Digital Almaty 2025 халықаралық форумы өтеді.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі жабылуы мүмкін жолдарды атады:
- Майлин көшесі
- Құлжа трактісі
- Бұқтырма көшесі
- ВОАД
- Әл-Фараби даңғылы
- Сейфуллин даңғылы
- Достық даңғылы
- Жароков көшесі
Алматы полициясы уақытша шараларға түсіністікпен қарауға және кептелістерді болдырмау үшін бағытты алдын ала реттеуге шақырды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген