Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 2026 жылы жер сілкінісін ескерту жүйесіне 583 миллион теңге жұмсалмақ

Фото: istockphoto.com

2026 жылы Алматыда жер сілкінісін жаппай хабарландыру жүйесіне 583 миллион теңге бөлінбек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы ақпарат мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды. Хабарландыруда сипаттамасында "Cell Broadcast технологиясы негізінде төтенше жағдайлар кезінде жаппай мобильді ескерту жүйесін енгізу" бойынша қызмет екені айтылған

Техникалық сипаттамаға сәйкес, жүйе тәулік бойы – күніне 24 сағат, аптасына жеті күн үздіксіз жұмыс істеуі тиіс. Қызметтің қолжетімсіз болуына рұқсат етілетін уақыт жылына 1 сағат 20 минуттан аспауы қажет.


"Шұғыл хабарламаларды ала алмайды": Төтенше жағдайлар министрлігі iPhone мен қытайлық телефон иелеріне ескерту жасады

Қытайдың жерасты ядролық сынағы Қазақстанда "жер сілкінісін тудырған" – АҚШ өкілі


Жобаға сәйкес, жер асты дүмпулерінің күші бес балдан асқан жағдайда хабарлама тарату жүйесі автоматты түрде іске қосылады. Хабарландыру "Президенттік" немесе "Ұлттық ескерту" деп аталады, хабарлама мәтіні Алматы тұрғындары соңғы жер сілкіністері кезінде алған ескертулермен толықтай сәйкес келеді.

Жүйеге қол жеткізу құқығы Төтенше жағдайлар департаменті мен әкімдікке беріледі. 

Айта кетейік, 2025 жылы осыған ұқсас жобаны іске асыруға 474,8 миллион теңге бөлінген.

Еске салсақ, жуырда Алматы облысында 3 балдық жер сілкінісі болған еді.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 24 Ақпан, 2026 22:56