Алматыда 130 көпқабатты үй газдан ажыратылды
Алматыда газ шығуы орын алып, 130 көпқабатты үй газдан ажыратылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Тағы 18 жеке үй жылусыз қалды.
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы филиалының газ желілерін пайдалану қызметі келесі мекенжайлар бойынша газдың шығуын анықтады: Бөгенбай батыр көшесі 103. Пушкин және Мұзтау шағын ауданы.
7 ақпан күні кешкі уақыттан бері газды тамақ пісіру үшін қолданатын Құрманғазы – Панфилова – Қайырбекова – Төле би көшерелінде көпқабатты 130 үйде және жеке сектордағы 18 үйде газ өшірілді. Мұзтау шағын ауданында да өшіру жұмыстары жүргізілді.
Газ беру 8 ақпанда сағат 14.00-ге дейін қалпына келтіріледі деп уәде етілген.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты