"Он бірінші қабаттағы жер үй": Алматыда көпқабатты ғимарат шатырындағы баспана жұртты таңғалдырды (видео)
Желіде Алматыдағы көпқабатты үйдің шатырында орналасқан жер үй жұртшылықтың назарын аударды. Жұртшылық бұл үйде кім тұратыны мен қаншалықты заңды салынғанына қызығушылық танытып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: видео кадрларынан скрин
Александр Цой есімді желі қолданушысы Алматыда орналасқан осы бір ғимаратқа әркез қызығушылық танытқанын алға тартты.
“– Қай қабатта тұрасың?
– Он бірінші қабатта?
– Тұрғын үй ме?
– Жоқ жер үй.
Жұмалиев – Қазыбек би көшесіндегі осы ғимаратты көрген сайын таңғаламын. Тіпті оған қарап, “бұлай да жасауға болтын ба еді?” деп ойласың”, – деп жазды ол.
Желі қолданушылары да таңғалысып, мұнда кім тұратынына қызығушылық танытты.
“Түсіндіретін бригада бар ма?”, “Бәлкім жер үйдің иес көпқабатты ғимаратқа қарсы болып, осылай салынған шығар?”, “Іргетасын әдейі биік жасаған”, “Қалай салынған”, – деп әзілдеп талқылады жұртшылық.
Stan.kz тілшісі бұл құрылыстың заңды-заңсыздығы туралы Алматы әкімдігінен сұрады.
“Қазір нысанның құқықтық мәртебесін растау мақсатында жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін материалдар жинақталып жатыр. Бұл тексеру аясында архивтік құжаттар қаралады. Нысан 2012 жылы қабылдау комиссиясының шешімімен пайдалануға берілген”, – деді әкімдік.
Әкімдік ғимараттың ішінде адам тұра ма әлде басқа мақсатта пайдаланылып жатыр ма, ол жағын айтпады. Алдағы уақытта ғимарат тексеріледі екен.

"Аузымыз ашылып қалды": Қазақстандық компания өзінің 110 қызметкеріне Вьетнамға жолдама сыйлап, көпшілікті тәнті етті
