Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1 наурыздан бастап электр қуаты қымбаттайды

Алматыда 1 наурыздан бастап электр қуаты қымбаттайды. Енді жеке шот бойынша орташа есеппен сағатына 208 кВт электр энергиясын тұтынған тұрғындар қазіргі төлемінің үстіне 500 теңгедей қосып төлеуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay

Тұтыну көлеміне қарай тарифтер әртүрлі деңгейге бөлінген. Жауапты мамандар қуат көзінің қымбаттауына орташа айлық жалақының өсуі әсер еткенін айтады.

Бұған дейін де қала жұрты жыл басынан бері коммуналдық төлемнің бағасы өскенін айтып, шағымданған еді. Енді Алматыда көктемнің алғашқы күнінен бастап электр қуатының да бағасы өседі.  Электр энергиясының тарифіне 10 пайыз қосылып, қарапайым тұрғындар құн салығынсыз 25,55 теңге, заңды тұлғалар 29,73 теңге төлейді. Ал бюджеттік ұйымдарға сағатына 32,73 теңгеден есептелген. 

Бірінші деңгейде 23,16 теңге, екінші деңгейдегі тариф – 30,66 теңге, ал үшінші деңгейдегі тариф – 38,33 теңге. Жеке шот бойынша орташа 208 кВт/сағ тұтыну кезінде халық үшін орташа чек 506 теңге өседі. Қалған коммуналды қызметтердің тарифтері бірінші қаңтардан бастап жоспарлы түрде өсті”, – деді табиғи монополияларды реттеу комитеті алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Әсел Бөденеева.

Сонымен бірге әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін бағаның өсуіне байланысты әлеуметтік төлем де ұлғайтылмақ. Яғни мегаполис бойынша 8 жекелеген санатқа кіретіндер, яғни ұлы отан соғысына қатысқандар және олармен тең дәрежедегі тұлғалар, осал топтағылар, бірінші және екінші топтағы ерекше қажеттілігі бар жандар, көпбалалы отбасылар мен жасына байланысты зейнеткерлерге бірінші шілдеден бастап өтемақы төлеу түріндегі әлеуметтік көмек көрсетілмек. Бүгінде Алматы бойынша дәл осы санатқа жататын 315 мың азамат бар екен.

“Тарифтің өсуіне байланысты 1 наурыздан бастап бұл көмекті 0,75 айлық есептік көрсеткіш, яғни 2769 теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл мәселе алдағы келе жатқан мәслихаттың сессиясында қаралады. 1 шілдеге дейін жоғарыда айтып кеткен көмек 8 санаттағы азаматтарға көрсетіледі”, – деп мәлімдеді Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.

Аталған санатқа кіретін азаматтарға қайта құжат тапсырудың қажеті жоқ.

Талқылау