Алматыда қоғамдық көлікте жолақы – 100 теңгеге, қолма-қол төлем 200 теңгеге өседі
Алматы қаласында қоғамдық көлікпен жүру құны 80 теңгеден 100 теңгеге өспек. Ал қолма-қол төлейтіндер енді 150 емес, 200 теңге төлейді. Қала басшысы жолақыны күзге қарай көтеруді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл ұсыныстар Алматы қаласы әкімдігі қаулысының жобасында жоспарланып отыр. Мұнда енді жолаушылар жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері немесе көлік картасы немесе ұялы қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз 100 теңгеден төлейді.
Ал қолма-қол ақшамен төлем құны 200 теңге болмақ (қазір 150 теңге).
Бұған дейін қала басшысы Ерболат Досаев Алматыда жолақыны күзге қарай көтеруді ұсынған болатын. Оның сөзінше, қалада жолақы 12 жылдан бері өзгермеген.
Қаулы жобасын жария талқылау мерзімі – 21 шілдеге дейін жоспарланған.
Талқылау

Қазақстандық әйел шетелдік күйеуінің кесірінен 2 жасар қызымен табыса алмай жүр
Бүлдіршін ағылшын тілін білмейді, сондай-ақ жүрегі ауырады

500 миллиондық пәтер мен су жаңа көліктер ойнатуда: Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен