"Алматы жастары" бағдарламасының нәтижесі жарияланды
Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 2024 жылғы 29 шілдеден 7 тамызға дейін болған "Алматы жастары" бағдарламасы аясында өтінімдерді қабылдауды аяқтады. Мұқият қарастырудан кейін 1924 өтінім оң қаралып, мақұлданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
“Алматы жастары” бағдарламасына өтініш білдірген тұлғалар мына сілтемеге өтіп, тізімді көре алады.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, осы жылы www.almaty-zhastary2024.kz платформасында 7072 өтінім берілді. Бұл жастардың бағдарламаға деген қызығушылығының жоғары екенін көрсетеді.
Бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алуға кемінде 1200 заем беру жоспарланған.
Келіп түскен өтінімдерді салалар бойынша бөлу келесідей:
- Денсаулық сақтау – 1662
- Білім беру – 2434
- Мәдениет – 430
- Спорт – 129
- ЖОО мен ҒЗИ – 717
- Журналистер – 123
- Әлеуметтік сала – 352
- Құқық қорғау органдары – 538
- Коммуналдық қызметтер – 433
- Жұмыс істейтін жастар – 254
Мұқият қарастырудан кейін 1924 өтінім оң қаралып, мақұлданды.
Мақұлданған өтінімдер келесідей:
- Денсаулық сақтау – 456
- Білім беру – 662
- Мәдениет – 165
- Спорт – 42
- ЖОО мен ҒЗИ – 196
- Журналистер – 57
- Әлеуметтік сала – 40
- Құқық қорғау органдары – 170
- Коммуналдық қызметтер – 105
- Жұмыс істейтін жастар – 31
Айта кетейік, өтінім беруші "Отбасы банк" АҚ-нан төлем қабілеттілігінен өту үшін жолдама алады. Жолдаманы алған қатысушылар 15 (он бес) жұмыс күні ішінде төлем қабілеттігін бағалаудан өту үшін "Отбасы банк" АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Төлем қабілеттілігін растаған қатысушылар 45 (қырық бес) күнтізбелік күні ішінде алғашқы және екінші нарықта тұрғын үй таңдай алады.
724 қатысушы негізгі тізім бойынша төлем қабілеттілігін растау аяқталғанша резервтік тізімде болады. 5148 қатысушының құжаты қайтарылды. Қайтарылудың негізгі себептері жұмыс орнының бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуі, тұрғын үйге қажет анықтамалардың болмауы, өтініш берген сәтте тұрғын үйдің болуы, кейінгі 6 айдағы зейнетақы жинақтарының болмауы және тағы басқа.
"Алматы жастары" бағдарламасының қорытындысы туралы басқа да толық ақпараттар www.almaty-zhastary2024.kz сайтында қолжетімді болады.