Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алматы жастары" бағдарламасына құжат қабылдау 14 наурызда басталады

14 наурыздан бастап Алматыда "Алматы жастары" ипотекалық бағдарламасына өтініш беру басталады. Өтініш беру 26 наурызға дейін жалғасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ru.freepik.com

“Алматы жастары” бағдарламасына 35 жасқа дейінгі қала жастары қатыса алады. 

Бағдарламаға қатысуға өтінішті www.almaty-zhastary2025.kz ресми сайты арқылы беруге болады. Авторизация электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асырылады. Бағдарлама аясындағы несиелендіру шарттары:

  • Ең жоғарғы несие сомасы – 20 миллион теңгеге дейін;
  • Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
  • Бастапқы жарна – 10%;
  • Бастапқы және қайталама тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі;
  • Бағдарлама бойынша қамту – кемінде 2550 адам, оның ішінде 1050 "Жұмыс істейтін жастар" бағдарламасының жалға алушылары.

Бағдарламаға қатысу үшін негізгі талаптар:

  1. Өтініш беруші мен оның жұбайының (зайыбының) өтініш беру кезіндегі Алматы қаласында тұрақты тіркеуі болуы керек;
  2. Өтініш берушінің жасы өтініш беру сәтінде 35 жастан аспауға тиіс (жұбайының жасына қарамастан). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады (бар болса);
  3. Өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үй болмауға тиіс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында кейінгі 5 жылда тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлату фактілері болмауы керек;
  4. Өтініш беруші кейінгі 6 (алты) айда Алматы қаласында ресми түрде жұмыс істеген болуы керек және міндетті зейнетақы жарналары төленуі қажет.

Қатысушы таңдаған келесі салалардың бірінде еңбек өтілі болуы керек: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, журналистика, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары, қалалық коммуналдық қызметтер.



"Жұмыс істейтін жастар" бағдарламасының жалға алушылары үшін жас шектеулері, тұрғылықты тіркеу талабы және ресми еңбек өтіліне қойылатын талаптар қолданылмайды.

Еске салайық, бұған дейін былтыр желтоқсанның 23-і мен 31-і аралығында "Алматы жастары" ипотекалық бағдарламасына өтінімдерді қосымша іріктеу жүргізіліп, 2024 жылы екі рет бағдарлама екі рет өткізілген еді. 

Талқылау