Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тауларында қарапайым қолшам адам өмірін сақтап қалды

Видеодан скрин

Қарапайым қолшам Алматы тауларында адам өмірін сақтап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы тауларында жүрген турист тік жартаста тұрып қалып, жылы киімсіз және қажетті құрал-жабдықсыз бірнеше сағат өткізген. Турист қараңғыда қолшаммен SOS жарық белгісін беріп, сол арқылы көзге түскен.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, “Мыңжылқы” үстіртінен түсіп келе жатқан туристер тобы қараңғыда SOS белгісін беріп тұрған жарықты байқаған. Қашықтық алыс болғандықтан, айқайлаған дауыс естілмеген. Туристер көмек шақырып, оқиға орынана құтқару қызметі мен ТЖМ "Барыс" жасағы аттанған.


Ақтауда мысық әйел мен балаларды өрттен құтқарып қалды

2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды


Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, жартаста тұрып қалған адаммен дауыс арқылы байланыс орнатты. 30 жастағы ер адамның ешқандай дайындықсыз және жабдықсыз тік жартасқа шықпақ болғаны анықталды.

“Жігіт жотамен жалғыз келе жатып, тайып кеткен. Құлау кезінде ішінде жылы киімдері бар сөмкесі төмен ұшып кеткен. Ол тек спорттық костюммен және қолындағы кішкентай фонарьмен тар белдеуде қалып қойған. Өз бетінше түсе алмаған соң, SOS сигналын бере бастаған”, – делінген хабарламада. 

5 сағатқа созылған күрделі өрмелеуден кейін құтқарушылар зардап шегушіге жетіп, ер адамды аман-есен төменге алып түсті. 

Еске салсақ, бұған дейін қарағандылық студент ұшақта жолаушының өмірін құтқарып қалғаны туралы жазған еді.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 10 Ақпан, 2026 20:37