Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тауларында қар көшкіні бір үйді басып қалды (видео)

Алматыдағы Букреев шыңында қар көшкіні жүрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан алынған скрин

Алматы тауларында қар көшкінінің үйді қалай басып қалғанын куәгерлер видеоға түсіріп алған. Куәгердің айтуынша, оқиға 22 наурызда таңертең Алматы тау курортында болған.

"Букреев шыңында қар көшкіні жүрді. Адамдар қаза табуы мүмкін! Басшылық әлі де үнсіз", - деп жазды куәгер.

Видео авторы қар көшкіні үйді айналып өтіп, тоқтағанын хабарлайды. Оның ұзындығы шамамен 400 метр.

Төтенше жағдайлар министрлігі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Құтқарушылардың айтуынша, таудағы демалыс орындарындағы жұмысшыларға қар көшкіні қаупі туралы дер кезінде ескертілген.

 

20 наурызда "Қазселденқорғау" ММ Алматы қалалық пайдалану техникалық басқармасы филиалы "Пионер" шипажайының әкімшілігіне қар көшкіні қаупі және қажетті шараларды қабылдау туралы ұсыныс берді. Мамандардың ұсынысы бойынша тұрғындарды қабылдауға шектеу қойылды.

"22 наурыз күні таңертең жылу мен жауын-шашынның салдарынан Қотырбұлақ өзені алабында  қар көшкіні болды. Қар көшкіні "Пионер" тау-шаңғы курортының шаруашылық құрылыстарына жетті. Зардап шеккендер жоқ. Мамандар: "Жауын-шашынның салдарынан өздігінен қар көшкіні жүрді. Қар массасының көлемі ауа райы дұрысталғаннан кейін өлшенеді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысында 165 қар көшкінін ұстайтын орындар бар екенін, оның 18-і қауіп төндіретінін атап өтті.

"2024 жылы 20 наурыздағы дауылды ескерту негізінде Төтенше жағдайлар қызметі қар көшкіні қаупі туралы хабарлады. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына қар көшкінінің ықтималдығына байланысты қар басқан тік беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда сақ болыңыз", - деді құтқарушылар.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда лай көшкінінен қаза тапқан отбасының көршілері қайғылы жағдайға еңісте тұратын көршілерін кінәлағаны туралы жазған едік. 

Талқылау