Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алматы су" департаментінің директоры сотталды

Алматы қаласы Бостандық аудандық соты "Алматы Су" коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментінің директоры Мақсат Жолдыбаев шартты жазадан босатылып, нақты жаза арқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

“Мақсат Жолдыбаев орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойып, қаланың кәріз жүйелерін күрделі жөндеу және сумен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттарымен бюджет қаражатын аудару деген желеумен кәсіпкерден 75 миллион теңге жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды”, – делінген хабарламада.

Сотталушыға 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынып, шартты түрде 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған еді.

Қадағалаушы прокуратураның наразылығы бойынша Алматы қалалық сотының сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгертілді. Жолдыбаев 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылып, 5 жылға сотталды.


Алматы тұрғындары өз ақшасына жасаған жолды "Алматы су" кәсіпорны балшыққа айналдырғанын айтып, шағымданды


Айыпталушы сот залында қамауға алынды. Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, "Алматы Су" директорының орынбасары мен қызылордалық шенеунік ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған еді. 

 

Талқылау