"Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС директоры қамауға алынды
Ақылы тұрақтарды қадағалайтын "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС директоры Марат Пірінбеков қамауға алынды. Ақпаратты Алматы сотының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тергеу сотының қаулысы бойынша соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды. Сот Пірінбековке қатысты бұрын таңдалған 2 ай мерзімге, яғни 2022 жылдың 15 маусымына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", – делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынған еді. Компания – A-Parking қалалық ақылы тұрақтардың операторы.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген