AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда A-parking директоры қамауға алынды

Алматыда A-parking ақылы автотұрақтар операторы саналатын Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сот мәліметінше, Alan Parking басшысы екі айға қамауға алынған.

"Тергеу сотының үкімі бойынша, соталды тергеу органының арызы қанағаттандырылып, екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды", – деді Алматы қалалық соты өкілдері.

Мұхтар Базарбаев қандай күдікке ілінгені айтылмаған.

Айта кетейік, былтыр желтоқсанда Қайрат Боранбаевқа тиесілі RR2 компаниясы Alan Parking компаниясының 30 пайыз акциясын сатып алған болатын. Бұған дейін ақылы автотұрақтардың операторы мемлекетке тиесілі болған. 

Бұған дейін, Қайрат Боранбаев та ұсталған болатын.

Қаржылық мониторинг агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Күдікке ілінген Қайрат Боранбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, 2016 жылы Алматыда автоматтандырылған ақылы көлік қоятын тұрақ жүйесі іске қосылды.

Аталған қызметтің екі түрі бар. Көлікті көше бойына қою және тұрақ алаңдары. Барлығы бір операторға тиесілі. Ол – Alan Parking ЖШС.

Оған 12 мың тұрақ қарайды.

Автотұрақтың басым бөлігі – орталық көшелерде орналасқан.

Ақылы тұрақ бағасы сағатына 100 теңге тұрады.

Үш түрлі төлем жүйесі арқылы есептесуге болады:  паркомат, киви-әмиян және СМС жолдау арқылы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр