Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясының басшысы Қанат Таймерденовке қатаң сөгіс жарияланды

Алматы полициясының басшысы Қанат Таймерденовке қатаң сөгіс жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі 25 мамырда Алматы облысындағы бақылау-өткізу бекетінде екі полиция қызметкері көз жұмған қайғылы оқиғаны талдады. Апаттың себебі жеке құраммен профилактикалық жұмыстағы қателіктер және құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтар жасаған қызметкерлерге уақтылы ден қою шаралары қабылданбаған. Бұған қоса, бұқаралық ақпарат құралдарында бұрмаланған ақпаратты ұсыну фактілері бағаланады.

Алматы қаласының ПД басшысы, полиция генерал-майоры Қ.Д. Таймерденовке сеніп тапсырылған бөлімшенің қызметін ұйымдастырудағы кемшіліктері үшін қатаң сөгіс жарияланды.

"Әрбір жетекші өзіне бағынышты адамдары үшін жауап береді. Қызметкерлер арасында тәртіп пен заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді. Алматы қалалық полиция басқармасында бұл жұмыс тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған. Нәтижесінде біз бірден екі қызметкерден айырылдық, бір қызметкер ауыр жарақат алды. Бәріміз үшін , әсіресе отбасы мен достары үшін бұл қайғылы жағдай және орны толмас шығын. Сондықтан осы төтенше жағдайға жеткізген басшыларға қатысты тиісті шаралар қабылданды. Ішкі істер министрлігінің басшылығы қызметтік тәртіпті сақтауды қатаң талап етуді, полицияның кез келген заң бұзушылықтарына принципті баға беруді және жаңа жағдайда жұмыс істегісі келмейтін немесе жұмыс істемейтіндердің қатарын тазартуды талап етеді", - деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Талқылау