Алматы орталығында есірткінің жарнамасы шықты: Әкімдік жауап берді
Алматы әкімдігі қала орталығында есірткіні жарнамалайтын баннерлерге түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Жарнаманың алғашқы эскизінде QR коды сайтқа аударды. Ол кезде тыйым салынған ақпарат жоқ болды. Кейін жарнама кезінде өтініш берушілер сайттағы ақпаратты өзгертті. Аталған факті бойынша барлық материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Алматы қаласының жоспарлау және қала құрылысы басқармасы.
Алайда әкімшілік барлығын тыйым салынған заттарды пайдаланбауға шақырады.
Айта кетейік, мегаполистің қақ ортасында есірткі туралы жарнамасы бар баннерлер ілінген еді.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”