Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының әкімдігі қаза болған жасөспірімнің отбасын уақытша баспанамен қамтамасыз ететін болды

Алматы облысының әкімдігі кісі қолынан қаза тапқан жасөспірімнің үйінде болған өртке қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Әкімдік марқұмның отбасының баспанасын қалпына келтіруге көмектесетін болды. 

"Алматы облысының әкімдігі Шерзат Болаттың отбасына өрттен зардап шеккен үйлерін қалпына келтіруге көмектеседі. Сонымен қатар қалпына келтіру жұмыстары кезінде оларға уақытша баспана беріледі", – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін 12 қазанда Алматы облысы, Талғар қаласында бір топ бұзақының қолынан қаза тапқан 16 жастағы жасөспірімнің үйі сенбіге қараған түні өртеніп кеткені хабарланған еді.

Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Кейіннен жағдайдың мән-жайы анықталды. Жанжал жасөспірімнің отбасы жұмыс істейтін дүкенде басталған. Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқан. Осыдан кейін төбелес басталған. Прокуратура жеті күдікті қамауға алынғанын хабарлады.

Талқылау