Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы Үлкен Ақсу ауылы карантинге жабылады

5 қыркүйекте Республикалық ветеринариялық зертхана 2 бас ІҚМ сынамаларында сібір жарасының болуын растайтын бактериологиялық зерттеулердің нәтижелерін алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Үлкен Ақсу ауылында тірі жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге және әкетуге тыйым салынды. Аумақтық ветеринариялық инспекция ЖАО ветеринариялық дәрігерлерімен бірлесіп жануарларды аулалық тексеру, вакцинациялау және жануарлар иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

"Елді мекенге тарату іс-шараларын жүргізу, соның ішінде дезинфекция жүргізу үшін АШМ-нің Республикалық эпизоотияға қарсы отряды көшіріледі, қажетті мамандар мен арнайы техника штаты бар. Ол жерде Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Самат Төлегенов жүр", – делінген министрлік хабарламасында.

Қолданыстағы алгоритмге сәйкес барлық қажетті ветеринариялық-санитариялық шаралар өткізіледі және ауыл шаруашылығы министрлігінің ерекше бақылауында болады.



Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының Ұйғыр ауданында 4 адам сібір жарасын жұқтырғаны туралы жаздық. Науқастар ауруханада ем қабылдап жатыр. Өңірде жедел штаб құрылып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Үлкен Ақсу ауылдық округі індет ошағы ретінде жарияланды. Облыстық ветеринария басқармасының мамандары ауыл тұрғындарының бірі ветеринариялық құжаттарды рәсімдеместен ауру малды сойып алғанын айтады. Ал қалғандары қарасанмен ауырған малдың етін жеген. Жергілікті полиция бөлімі жергілікті малды және ет өнімдерін сыртқа тасымалдауға тыйым салды.

Талқылау