Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы коттедж қалашығында топырақ көшкіні жүрді

Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында орналасқан "Бурабай" коттедж қалашығында топырақ көшкіні жүрді. Төтенше жағдайлар департаменті құрбандар мен зардап шеккендердің жоқ екенін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

көшкін

Топырақ көшкінінің видеосы әлеуметтік желіде тараған. Облстық төтенше жағдайлар департаменті оқиға туралы ақпараттың 27 ақпанда сағат 09:50-де келіп түскенін мәлімдеді.

"25-26 ақпан аралығында қар аралас жаңбыр жауып топырақ батпақтанып, нәтижесінде тау баурайынан Баянауыл көшесіндегі екі жеке тұрғын үйді лай көшкіні басып қалды.Топырақ үйлердің бірінің терезесіне зақым келтіріп, ішкі бөлмелерге кірді. Екінші үйдің қабырғаларында жарықтар пайда болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті, "Қазселденқорғау" ММ, Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жіберілді. Оқиғаның нақты себебін және келтірілген залалды анықтау жөніндегі комиссия құрылды", – делінген ведомство хабарламасында.

Түскен топырақтың болжамды көлемі 360 текше метр.

Талқылау