Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жасөспірімдер қатарластарын аяусыз соққыға жыққан (видео)

Желіде жасөспірімдердің қатарластарын соққыға жыққаны түсірілген видео пайды болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынған

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан жасөспірімнің алдымен қатарласының қолына таяқпен ұрғанын, сосын жұдырығымен бетіне соққы жасап, жерге құлатқанын көруге болады. Екінші жасөспірім барлығын видеоға түсіріп тұрған.

Видеоның сипаттамасында оқиғаның Алматы облысы Талғар ауданында болғаны айтылған. Полиция жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады. 


"Өкпемнен ұрды": Отарда соққыға жығылып, 20 күндей комада жатқан сарбаз сержанттан қалай таяқ жегенін айтып берді (видео)


"Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазір тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар жүргізілуде", – делінген Алматы облыстық полиция департаментінің хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Астанадағы автобустардың бірінде әлдекімдер жасөспірімді соққыға жыққаны туралы жазған едік. 

Талқылау