Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаппай төбелес болып полиция оқ атты

Алматы облысында жаппай төбелес болды: Полиция қару қолдандыФото: Видеодан скрин

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік қаласында бір топ ер адам жаппай төбелесті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ескерту ретінде ауаға оқ атып, жеті адамды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде оқиға орнында болған сәтте түсірілген бейнежазба тарады. Видеодан атылған қарудың дыбысын естуге болады. 

Алматы облысы полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов әлеуметтік желілерде тараған жарияланымға түсініктеме берді. Оның айтуынша, бейнежазбада көрсетілген заңсыз әрекеттер 2026 жылғы 28 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы аумағында болған.

“Аталған факті бойынша екі қылмыстық іс тіркелді, бұл – бұзақылық және полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету. Жеті адам күдікті деп танылды. Олардың барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп мәлімдеді Рустам Абдрахманов.

Оның сөзінше, төбелеске қатысушығаоға ескерту ретінде және қоғамдық тәртіптің бұзылуын болдырмау үшін оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ауаға оқ атқан.

“Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Барлық қажетті тергеу әрекеттерін Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы облысы полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіп жатыр. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынған”, – деді полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 30 Наурыз, 2026 08:08