Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір тәулік ішінде екі ауыр жол апатынан 9 адам қаза тапты

Фото: istockphoto.com

Алматы – Бішкек тас жолында болған көлік апатынан бес адам жарақат алып, алты адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

24 қараша күні Алматы облысында трассаның 65-шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды.

“23 жастағы Audi жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы Toyota көлігімен соқтығысты”, – деп мәлімдеді Алматы облысының полиция департаменті. 

Жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, алайда дәрігерлер науқасты өлімнен арашалап қала алмады. Ол ауруханада қайтыс болды. Сондай-ақ бес жолаушы түрлі дене жарақатын алған, олар дәрігерлердің бақылауында жатыр.


Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам қаза тапты (видео)


Жетісу облысында 5 адам қаза тапқан жол апаты: Марқұмдардың туыстары шымкенттік компанияның жазадан құтылып кетуі мүмкін екенін айтады


Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу барысын Алматы облыстық полиция департаменті басшылығы өз бақылауына алды.

Дәл осы кұні Шығыс Қазақстан облысында Омбы – Майқапшағай тас жолының 877-шақырымында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды.

ШҚО полиция департаментінің хабарлауынша, апатқа Chevrolet Onix және Howo жүк көлігі қатысқан. Жол апаты салдарынан Chevrolet Onix жүргізушісі мен екі жолаушы алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша тергеу басталды.

Еске салайық, кеше Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам қаза тапты. Бұған дейін Жетісу облысында 2023 жылы болған жол апатында 5 адам қаза тауып, 8 адам жараланған еді.

STAN.KZ
Сейсенбі, 25 Қараша, 2025 08:24