Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалын 10 метрге дейінгі тереңдікте: Алматы облысында қоқыс полигонындағы өрт екі күннен бері өшпей жатыр

полигонды өртеу

Фото: ТЖМ

Алматы облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ТЖД мәлімдеуінше, жекелеген учаскелерде 10 метрге дейінгі тереңдікте бықсу байқалады. Өртті сөндіру жұмыстарына Алматы облысы, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ 28237 әскери бөлімі, жергілікті атқарушы органдар, "Қазселденқорғау" және Алматы қаласы ТЖД құтқару қызметінің 120-ға жуық адамы мен 60-тан астам техникасы жұмылдырылды.

“Өрт ошақтарын сөндіру үшін инертті материалдармен толтырылып жатыр. Өзгермелі жел бағыты қосымша қиындықтар туғызып жатыр Полигонның ауданы бойынша соқамен жырту жұмыстары жүргізілді. Барлығы 7 өрт сөндіру учаскесі құрылды”, – делінген хабарламада.

полигонды өртеу
Фото: ТЖМ

Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД бастығы, полковник Дәурен Оразбековтің басшылығымен жедел штаб құрылды.

Өрт сөндіру аймағына суды үздіксіз жеткізу үшін Тереңқара өзеніне сорғы-жеңді автомобиль орнатылды. Құтқарушылар диаметрі 77 мм 70 жеңнен тұратын магистральды желі тартты, оған 6 бірлік техника жұмылдырылған. Бұл шаралар өртті тиімді сөндіру үшін қажетті қысым мен судың жеткілікті мөлшерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жағдай төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында. Өрттің жақын маңдағы аумақтарға таралу қаупі жоқ.

Еске салсақ, Алматы облысындағы қоқыс полигонында өрт шығып, жол жабылғаны айтылды. 

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 16 Қыркүйек, 2025 13:56
Талқылау