Алматы облысында 17 жастағы қызды жеткізіп тастамақ болған полицей жұмыстан қуылды
Фото: Видеодан скрин
Алматы облысында ювеналды полиция қызметкерлері 17 жастағы қызды аялдамада тоқтатып, оны қызметтік көлікпен жеткізіп салуды ұсынған. Осы оқиға үшін бір полицей ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылып, екіншісі лауызымынан төмендетілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицейлердің қызды көлікке мінуге үгіттеген сәтін Іле ауданының мәслихат депутаты Нұрлан Байғазиев видеоға түсіріп алған. Ол бірден жағдайға араласқан. Депутаттың айтуынша, полицейлер тоқтатқан қыздың жасы 17-де екені белгілі болған.
"Олар мені "Саяхатқа" дейін апарамыз деді. Қандай мақсатпен екенін білмеймін. Маған 17 жас", – деді қыз.
Депутат полицейлердің аялдаманың дәл жанында көлікті дұрыс қоймай тоқтағанына назар аударған. Ескерту жасағаннан кейін қызметкерлер көлікті дұрыс жерге қойып, депутатқа қайта келген. Сол жерде олардың бірі өзін ювеналды полиция қызметкері ретінде таныстырып, қызға мүлдем ұсыныс жасамағанын айтып, жағдайды жоққа шығаруға тырысқан.
Нұрлан Байғазиев бұл оқиғаның видеосын әлеуметтік желіде жариялауға уәде берген еді және расында да жариялады. Видео желіде тез тарап, үлкен резонанс тудырды. Кейінірек депутат Instagram парақшасында бір полицейдің жұмыстан шығарылғанын хабарлады.
Алматы облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Олар аталған факт бойынша қызметтік тексеру жүргізілгенін мәлімдеді.
"Тексеруден кейін ювеналды полиция қызметкерлерінің кәмелетке толмағандармен жұмыс барысында кәсіби этика нормаларын бұзғаны анықталды. Бұл – полиция қызметкерлері үшін жол берілмейтін іс-әрекеттердің бірі. Тексеруден соң бір қызметкер ішкі істер органдарынан шығарылды, екіншісі қызметінен босатылды. Олардың басшыларына да тәртіптік шара қолданылды", – деді полиция департаменті.
Ведомство кез келген құқық бұзушылық пен кәсібиліктен ауытқулар қатаң әрі дереу тоқтатылатынын атап өтті.
Шешенстанда полицейлерге шабуылдаған жасөспірімді билік өлтіріп, денесін алаңға шығарып қойған
Жетісу облысында екі полицей жігітті жолдың ортасында қуып жүріп ұрған
Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысында екі полицей кезекшілік кезінде формамен асхана алдында ұйықтағаны үшін ішкі істер органдарынан босатылды. Осыдан кейін екі полицей жұмыстарынан босатылды. Дегенмен қызметкерлер бұған келіспей, Қызылорда қалалық сотына тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың күшін жою арызымен жүгінді.

"Дәрігерлер ішіңдегі балаңды алдыр деді": Астаналық азамат екі бүйрегі де істен шыққан әйелінің еміне көмек сұрайды
