Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қаза тапқан ер адам 6 адамның өмірін сақтап қалды

Алматы облысында оқыс оқиға кезінде қаза тапқан ер адам алты адамның өмірі мен денсаулығын сақтап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: depositphotos.com

16 қаңтарда 45 жастағы ер адам өз үйінің ауласында құлап, басынан қатты жарақат алған. Ол жедел жәрдеммен Алматыдағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген, мұнда ер адамға "жабық ми жарақаты, ми қысылуы, субдуральды гематома" диагнозы қойылды.

Сол күні дәрігерлер науқасты құтқару мақсатында бас сүйекті ашу отасын жасаған. 19 қаңтар күні дәрігерлер тобы ер адамнан ми өлімін анықтады.

"Сол күні трансплантация үйлестірушісі марқұмның ағасымен әңгімелесіп, ол оның жалғыз жақын туысы екенін анықтады. Марқұмның балалары мен жұбайы болмаған. Ағасы біраз ойланып, ағзаларын трансплантация кезегінде тұрған адамдарға беру туралы келісімін берді. 20 қаңтар күні түнде марқұмнан екі бүйрек, жүрек, өкпе және 2020 жылдан бері алғаш рет көздің қасаң қабағы алынды”, – дейді республикалық трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру орталығының директоры Айдар Ситказинов.


"18 жастағы жігіт жүрегін беріп, донор болды": 2024 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар кімдер?


Екі бүйрек жасөспірімдерге трансплантацияланған: біреуі Алматыда 16 жастағы жасөспірімге, екіншісі Астанада 17 жастағы науқасқа. Жүрек трансплантациясы алматылық науқасқа жасалған, ол бірнеше жыл бойы жасанды жүрекпен өмір сүріп келген екен. Өкпе Астанада 42 жастағы науқасқа трансплантацияланды. Бірнеше күннен кейін Алматы облысының екі тұрғынына көздің қасаң қабағы трансплантацияланды.

Марқұмның ағасы дәрігерлерден тек бауырының ағзаларын алған  адамдар телефон соғып, жағдайлары жақсы екенін айтуын сұраған.

Еске салсақ, бұған дейін қаза тапқан 39 жастағы қазақстандықтың донор болғанының арқасында төрт адам аман қалғаны туралы жазған едік.

Талқылау