Алматы облысында қатты сел жүріп өткен
Алматы облысында сел жүріп өткен. Әлеуметтік желілерде қуатты балшық су ағынының видеосы пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

9 маусымда жауын-шашын және бұршақ түрінде жауған жаңбыр салдарынан сағат 15.30-дан 16.00-ге дейін "Жетісу Алатау" жотасының оңтүстік беткейінің орта тау бөлігінде, құрғақ сайда секундына 70.0 куб метр шығынмен сел жүрген.
"Нәтижесінде, Сарыөзек-Көктал жолының 171 шақырымында, Панфилов ауданы Көктал ауылдық округі, Ақжазық ауылының маңында, автожол көпірінде ені 700-800 метр болатын жол жүру бөлігіне су ақты, – деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ, елді мекендерді су басу қаупі жоқ.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды