Алматы облысында каннабис егілген ірі плантация анықталды

Фото: istock.com
Алматы облысының прокуратурасы каннабис егілген ірі плантацияның анықталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Прокуратура мәліметінше 6 гектар плантация Райымбек ауданы Қызылшекара ауылында табылған.
“Бұл шара есірткі құралдарының таралуына тосқауыл қою және қылмыстардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ауыл-аймақтарда халыққа құқықтық түсіндіру жұмыстарын насихаттау үшін арнайы баннерлер ілінді”, – делінген хабарламада.
Бұл бастамалар аудан тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға және есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді