Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алып қашып бара жатқан қалыңдық Алматы облысында жол апатынан қаза тапты

Фото: stihi.ru

24 мамыр күні Алматы облысында "алып қашу" рәсімінен кейін қайғылы оқиға болды. Үлкен Алматы айналма автомобиль тас жолында "Kia" мен "Mercedes-Benz" көліктері соқтығысып, салдарынан "Mercedes" аударылып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға орнында қалыңдық қаза тапты. Жарақат алғандар – күйеу жігіт пен оның екі танысы. Олар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

"Жол-көлік оқиғасы 24 мамыр күні сағат 18:00 шамасында Үлкен Алматы айналма автомобиль тас жолының 36-шақырымында болған. Kia жүргізушісі Mercedes-Benz көлігімен соқтығысқан. Соққының салдарынан Mercedes аударылып, салонда отырған жолаушы — бойжеткен оқиға орнында көз жұмды", – деп хабарлады полиция өкілдері.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, Kia жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Құрбысы қызды алып қашуды ұйымдастырған: Қазақстандық ару өзін көлікке малша күштеп тиеген сәтті ұмыта алмай жүр


"Күйеуін құрдымға жібереді": Желіде мәһрге 1 келі алтын сұраған блогер сынға ұшырады


Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізілетінін жаздық. Ол барлық жағдайда дерлік қыз алып қашқандар жазасыз қалып отырғанын атап өтті. Мәжіліс кулуарында депутат Мұрат Әбеновтің мәліметінше, мұндай жағдайлардың көбі еліміздің оңтүстік өңірлерінде тіркелген.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 26 Мамыр, 2025 17:47
Талқылау