Алматы облысында ер адам сүйіктісіне жанармай шашып, өртеп жіберген
Алматы облысындағы Бәйдібек ауылында бірге тұратын еркек пен әйел ішімдік ішкен. Әңгіме барысында екеуінің арасында жанжал туып, соңы жантүршігерлік оқиғаға әкеп соқты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Рixabay.com
Ер адам мен әйел ішімдік ішіп отырып жанжалдасып қалған. Ақырында ер адам бірге тұратын сүйіктісінің үстіне жанармай шашып, өртеп жіберген.
“Полиция денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді Алматы облысының полиция департаменті Меруерт Морякова.
Зардап шеккен әйел II-дәрежедегі күйікпен ауруханаға жеткізілді.
Бұған дейін солтүстік Қазақстанда ер адам анасын өлтіріп, мәйітін өртеп жібермек болғаны туралы жазған едік.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық