Алматы облысында елді алаңдатқан жер дауы немен аяқталды
Алматы облысында елуге жуық жер телімін мемлекетке қайтару туралы әкімдіктің шағымын қараған сот ісі аяқталды. Облыстық жер инспекциясы үш жыл бұрын тұрғындарға аудан әкімдігі тарапынан жерлер заңсыз берілді деп шағым түсірген.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Азаматтық істі екі айдай уақыт қараған Қарасай аудандық соты облыстық әкімдіктің шағымын қанағаттандырмады.
Шешімге сай жауапқа тартылған 47 жердің иесі енді алаңсыз болмақ. Керісінше судья Қарасай аудандық әкімідігінің әрекетін дұрыстап тексерсін деп жеке қаулы шығарды. Прокуратураға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне жолдады.
Бұған дейінгі жер беру туралы қаулыға қол қойған шенеуніктердің біреуі де қатыспаған. Аудан әкімдігі олар қазір мемлекеттік қызметте емес деген мәлімет беріпті.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі